|
Каталог статей
Всего материалов в каталоге: 2 Показано материалов: 1-2 |
|
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Оның айғағы интеллектуалды мектептер болып табылады. Бұл мектептердегі негізгі талаптардың бірі- үш тілді еркін меңгерген білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын шығармашыл, таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңашыл, тәуелсіз ойлайтын ізденімпаз тұлға қалыптастыру. Қоғамның әлеуметтік даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты емес пе?! Қазіргі заман талабына сай білім берудің шығармашылық жолдарын айқындау барысында адамның шығармашылыққа деген жанданысы оның өз жекелігін, өз қабілетін іске асыруға деген жолын ашады. Кез келген әрекет шығармашылықты туғызып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал шығармашылық әрекетті реттейді,оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Шығармашылық әрекет арқылы қабілет қалыптасады, әр қарай дамиды. Зерттеу-ізденушілік қабілет әр баланың бойында болады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет. Зерттеу-дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалын ашу, оны әрі қарай дамыту мүмкін емес. « Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын ол одан әрі жақсы оқи түседі» деген екен Питер Клайн. Ұстаз бен ата-анаға да керегі сол емес пе? оқушы ұстаз көңіл-күй қарым-қатынас еңбек ата-ана Оқушы, ұстаз, ата-ана - үштік одақ бірлесе отырып жұмыс істеу арқылы ата-ана бұл зерттеу жұмысының баласына пайдасы бар екенін түсініп, өзі де көмек көрсете отырып, өзінің мектеппен тығыз қарым-қатынас жасау қажеттілігін сезінеді. Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушыда танымдық қабілет, тіршіліктің қыр-сырын меңгеруге талпыныс, білуге деген құштарлық туындайды. Зерттеу жұмысы негізінде «үштік одақтың» арасында жағымды көңіл-күй, тығыз қарым-қатынас, аянбай еңбек ету, сол еңбектің нәтижесін көруге ұмтылу әрекеттері орныға түседі. Сабақ барысында да тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың зерттеу-ізденушілік әрекеттерін ұйымдастыруға небір жұмыстар жүргізуге болады.
|
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту,
әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені,
мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге
толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ
мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту
емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен
зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан
ойлау технологиясы. |
|
|
| | |