ТУҒАН ӨЛКЕМ- ТҰНҒАН ШЕЖІРЕ» ТАРАУЫ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «ДИНА»
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
1. Мәтінді түсініп оқуға, негізгі ойды анықтауға үйрету.
2. Дүниетанымдарын кеңейту, сөздік қорларын молайту, өз ойларын нақты жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Патриоттық сезімдерін ояту, өнерге, өнер адамдарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
САБАҚТЫҢ ТИПІ: Жаңа материалды меңгеру
САБАҚТЫҢ ТҮРІ: Сыни ойлау жобасы бойынша дамыта оқыту
САБАҚТЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: Ішінара іздестіру, зерттеу, баяндау, көрнекілік, әңгімелеу
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІ-ҚҰРАЛДАРЫ:Дидактикалық материалдар, проектор, үнтаспа, үлестірмелер, портреттер
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
Сабақтың тақырыбын хабарлау , мақсаттарын оқушылармен бірлесе отырып құру.
Қызығушылығын ояту
«Білемін, білгім келеді, үйрендім»кестесімен жұмыс
«Білемін, білгім келеді, үйрендім»кестесімен жұмыс
1. Дина туралы білетіндерін кестеге түсіру.
2. Дина туралы не білгілері келетінін кестеге жазу
3. Оқушылардың жазған мағлұматтарын оқыту
Кеңесова Динаның ғылыми жобасымен таныстыру «Мақтан тұтам атымды Дина қойған»
1. «Зерде»оқушылардың ғылыми қоғамы туралы айтып өту
2. Этномәдениет» секциясының жұмысы – ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
- Өнер сүйер әрбір адам Динаның шәкірті бола ала ма? Ол үшін не істеуі керек?
үнтаспадан Динаның «Жаса, Қазақстан» күйін тыңдайық.(сергіту кезеңі)
Мағынаны ажырату.
Мәтінмен жұмыс
1. Сөздікпен жұмыс
Суыт- асығыс
Кілтипандарын- құпияларын
Жігері құм болды- дәрменсіз
Құқай- қиындық
2. Түртіп алу әдісі бойынша мәтінді оқу
+ таныс ақпарат екен
? түсініксіз тұстары бар
3. Алдымен таныс ақпараттарға шолу жасау:
Кенже- Динаның әкесі,
Құрманғазы –күйші т.б.
Мәтіндегі түсініксіздеу тұстарын талдау:
Алқа- анасы,
Әуес-ұлы,
шылбыр- аттың жүгені,
ет жүрегі елжіреп- жақсы көріп,
желбегей жамылып-екі жеңін кимей,
ерік-билік,құқық т.б.
4.Алғашқы түсінгендерін тексеру:
- Құрманғазы мен Динаның әңгімесін бөлген не?
- Құрманғазыны не үшін тұтқынға алды ?
- Ол өмір сүрген заман қандай еді?
Ой-толғаныс
Топтық жұмыс:( топ басшылары тапсырманы жеребемен суырып алады)
1. Құрманғазы мен Динаны салыстыру (Венн диаграммасы)
2. Құрманғазының ақырғы өтінішін түсіндір
3. Динаның күйлерін халыққа қалай насихаттар едің?
4. Динаға, Құрманғазыға қатысты сөйлемдер құра, тек бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болсын.
5. Қос жазба күнделігін толтыр:
1. қол-аяғына кісен салып __________
2. қамшымен тартып-тартып жіберді___________
3. көзінен жас шығып кеткелі тұр______________
4.домбыраны бауырына тартып қыса ұстады_____________
Үйге тапсырма: 1. Ұнаған бөлігін сахналау
2. Өнер туралы мақал-мәтелдер жинастыру
3. Домбыра үйірмесіне қатысып жүрген оқушылармен сұхбат жүргізу,олар жайлы мектептің сайтына мақала жазу.
Шығу парағы: «Білемін, білгім келеді, үйрендім» кестесі бойынша жүргізіледі.
Бағалау: топты, жекелеген оқушыларды атап өту.