Сабақтың тақырыбы : Сын есім
Мақсаты: 1. сын есім туралы білімдерін жүйелеп бекіту, ақпараттық технологияны тиімді пайдалана білуге үйрету.
2. өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып, сабаққа деген белсенділіктерін арттыру, этнопедагогика элементтерін қолдану арқылы ұлттық дүниетанымдарын кеңейту.
3.ұйымшылдыққа тәрбиелеу, сауатты жазуға баулу.
Түрі: кіріктірілген сабақ
Типі: білімдерін бекіту сабағы
Әдіс-тәсілдері: ішінара іздестіру, салыстыру, зерттеу, әңгімелеу,
Көрнекі-құралдары: дидактикалық материалдар, компьютер, үлестірмелер,үнтаспа.
Технология: ақпараттық, RWCT
Сабақ 3 кезеңнен тұрады:
Сабақтың мазмұны
Барысы:
1-кезең: сәлемдесу, зейіндерін сабаққа аудару
1. Қызығушылығын ояту
Көктем келді көңілді,
Алтын шуақ төгілді.
Жұпар иіс себіліп,
Гүлдер жапты өңірді.
-Көгілдір көктем келіп, Жер-ананың жасарған осы бір кезінде бой жазып, ой сергітіп, серуенге шықсақ, қалай қарайсыңдар ?
-Барайық !
-Онда көлік таңдап алайық.
Экранда тікұшақ, автобус, жылқы, түйе, машинаның суреттері шығады. Оқушылар топта ақылдаса келіп, жылқыны таңдайды.
-Жылқыны таңдауларыңа не себеп болды?
-Жылқы кез келген жолға жарамды, қоршаған ортаға зияны жоқ, жанар-жағар майды қажет етпейді.
Экраннан жаңылтпашты хормен оқиды.
Сендерге қай көлік Сай көлік?
Біздерге сай көлік – сайгүлік!
Оқушылар «сайгүліктеріне» жайғасады.
- Жылқы малы мінсе- көлік, ішсе-қымыз
- Бір-бірімізбен жарыспай не ғып тұрмыз?
- Сайгүліктеріңмен қандай жарыстар ұйымдастыруға болады?
- Көкпар, аударыспақ,бәйге, теңге алу, жорға,жамбы ату.
- Бүгінгі сабағымыз қандай болсын?
- Пайдалы, қызықты, әсерлі, көңілді, жақсы, тартымды.
Сөздер экраннан шығады.
- Осы сөздердің арасында байланыс бар ма?
- Бұлар –сын есімдер. Қандай қай деген сұрақтарға жауап береді. Заттың түсін, сапасын, дәмін, көлемін, пішінін білдіретін сөз табы болып табылады.Сын есім дара, күрделі, негізгі, туынды, қарсы мәндес, жуық мәндес болып бөлінеді.
2 – кезең
1. сайыс « Аударыспақ»
Ауызша жұмыс, оқушылар құрамында сын есімі бар мақал-мәтел айтудан жарысады.
2. сайыс « Теңге алу» Топтық жұмыс, оқушылар парақ қағазға 1минут ішінде «т» дыбысынан басталатын сын есімдер жазады.
Сергіту сәті ұйымдастырылады, оқушы жүргізеді.
- саусағымызды айқастырып, ары-бері айналдырамыз,басымызды оңға-солға бұрамыз,кабинеттің төбесін көзбен сызып шығады.
Мағынаны ажырату
3.сайыс « Көкпар»
Компьютермен жұмыс,
оқулықтағы 374-жаттығуды талдау
1. мәнерлеп оқу 2. мазмұнын түсіндіру
3. құстар туралы әңгімелесу.1 тоқылдақ күніне 750-900 жәндік жейді екен, 2 сары шымшық 40 жеміс ағашын жәндіктерден сақтайды, қараторғай бір жазда 8000 май қоңыздарын құртады екен.
4. мәтіннен сын есімдерді « кәрзеңкеге» салады.
4. сайыс «Жорға»
Компьютермен жұмыс, экранда үлестірмелер беріледі. Дұрыс жауапты сызықпен қосады. Экраннан дұрыс жауап парағы көрсетіледі, егер оқушы дұрыс орындаған жағдайда келесі сайыстың аты шығады.
5.сайыс « Бәйге»
Компьютермен жұмыс,
оқулықтағы 387-жаттығуды талдау.
1. мақалды оқу
2. мағынасын талдау
3. «икемді» деген сөздің мағынасын ашу, синонимдік сөздік арқылы жуық мәндес сөздерді анықтау Икемді, ыңғайлы, оңтайлы, ықшамды,ебдейлі
4.Мақалды көшіреді.
5.Сөз құрамына талдайды. Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді.
Ой-толғаныс
4. кезең - Табиғаттың аясында жүріп, жерлес ақын- жазушыларымыздың « көктем» туралы өлеңдерін де айта кетейік. Оқушылар С.Ғабдуллин, Б.Раисова, Е.Сахариев т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Әр топқа тірек сөздер беріледі. - бүгінгі сабақты мына сөздер арқылы қортындыласақ,
Білім, компьютер, тіл, уақыт
- Бүгінгі сабақта сын есім туралы терең білім алдық.
- Компьютердің көмегімен қызықты сайыстар өткіздік.
- Қазақ тілі - қаншама мәнді, көркем, мағыналы сөздерге бай тіл.
- Сын есімдер тіліміздің байлығын, сан алуандығын білдіреді.
- Компьютер уақытымызды үнемдеуге, әр түрлі қызықты жұмыстар орындауға көмектесті.
Серуеннен алған әсерімізді теріп алған гүлдеріміз арқылы білдірсек,
сабақ ұнаса - гүлді жылы түстермен,
ұнамаса – суық түстермен бояйық.
Үй тапсырмасы сыныптағы 2 оқушыны салыстырып сипаттау.
Бағалау экраннан бағалау парағы көрсетіледі.
5 сайыс бойынша ортақ бағасы анықталады.