Зергүл Жеңісқызы оқуды үздік дипломға аяқтап, туып - өскен жеріне келіп, еңбек жолын бастады. 1992-1994 жылдары тақтаға бор-бор болып сұрақтар жазып, бірнеше жауаптарын көрсетіп , дұрысын таңдатып жүрсе, кейіннен тура сол жұмыс «тест» деп аталып, бүкіл білім саласы соған көшті емес пе?! Жас кезде адам ешнәрседен жасқанбайды екен. Әлі есінде 1-ші жылы жұмыс істеп жүріп, аудандық «Жыл мұғалімі -1993» сайысына қатысып, Рыков атындағы орта мектепте ашық сабақ бергені.
1998 жылы отбасы жағдайына байланысты Алматы қаласына көшті. Онда Жетісу ауданындағы №108 орта мектепте 1 жыл жұмыс істеді. Сол жылдың ішінде мектепішілік «Сынып жетекші -1999» сайысына қатысып, жүлделі 1-орынды иеленді.
Өскеменде алғашында
Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектепте жұмыс істеді. Сонда жүріп мектепішілік,
қалалық «Жыл мұғалімі- 2002» байқауларына қатысып, жүлделі орынға ие болды. Оқытқан
шәкірттері әлі күнге дейін хабарласып, қызықтарымен бөлісіп тұрады.
2003-2010ж. О.Бөкей атындағы
№44 мектеп-лицейінде қызмет атқарды. Алғашында менеджер болып жұмыс істеген
Зергүл мектеп ұжымының тыныс-тіршілігіне етене араласып кетті. Ұстаз еңбегін
әрқашан бағалай білетін шығармашыл, жаңалыққа жаны құмар басшы Таңатқан
Қалибекұлының арқасында жұмысы жаңа бағыт алып,бастауыш сынып оқушыларын қазақ
тілі пәнінен даралап, деңгейлеп оқытты. Осында істеген 7 жыл ішінде қазақ
тілі пәнінен 18 олимпиада жеңімпазын шығарды. Олардың ішінде Серғазина Арайлым
(2004ж.),Оралов Дамир, Оразгалиев Динар (2007ж), Ермұханбетова Ақмарал(2008ж.),Адешова Айнұр(2010ж.) облыстық олимпиадаға қатысып, жүлделі 1,2
–орындарды иеленіп, мектеп мерейін үстем етті.
Мектепте оқушылардың
«Зерде» ғылыми қоғамының этномәдениет секциясын жүргізді. Секция жұмысының
нәтижесі 2006 жылы өткен қалалық директорлардың семинарында ұйымдастырылған
«Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы» атты ғылыми конференцияда көрініс тапты.
Қаладағы А.С.Пушкин
атындағы кітапхананың басшылығымен өткен интернет жүйесіне ұсынылған
жұмыстардың ішінде шығармашылық топтың (Абилтаева, Мусатаева, Тілеукенова) «Бастауыш сыныпта шығармашылық- ізденушілік
жұмыстарын ұйымдастыру»атты әдістемелік құралы
жоғары бағаланып, І дәрежелі дипломмен марапатталынды.
Зергүл Жеңісқызы сабағын « Сыни ойлау жобасына» сүйене отырып жүргізеді. Осы жоба негізінде №3 мектеп – гимназиясында өткен аймақтық семинарда әріптестеріне ана тілі пәнінен «Жусан иісі» (2004ж), №44 мектепте ИПК тыңдаушыларына "Ер Тарғын"(2009ж) тақырыбында ашық сабақ көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.
« Қазіргі заман талабына сай бастауыш
сыныптарға ақпараттық технологияны қолдану»
туралы зерттеу жұмысымен мұғалімдердің мектепішілік,
қалалық,республикалық (Семей 2005ж)
ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, баяндамасы республикалық
жинаққа енді.
Ізденуден жалықпайтын ұстаз оқушыларды ғылыми жоба қорғауға баулыды:оқушылары Самарбекұлы Данияр «Қалтада жүрген қауіп» атты ұялы телефонның зияны туралы зерттесе, Кеңесова Дина « Атымды мақтан тұтам Дина қойған» тақырыбы бойынша атақты күйші-композитор Дина Нұрпейісова жөнінде мол мағлұматтар жинақтады. Зергүл Жеңісқызы «Ұстаздық ету-өзінің уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» екенін әрқашан естен шығармауға тырысады.
Жыл соңында анықталатын мұғалімдердің рейтінгілік көрсеткіштерінің қортындысы бойынша Зергүл Жеңісқызы 2005-2006 ж. І санат бойынша ІІ орын, 2006-2007 ж. Жоғарғы санат бойынша ІІІ орын, 2007-2008ж. Жоғарғы санат бойынша ІІ орынды иеленді.
Қазір химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс істейді.Бірнеше оқушылары ғылыми жоба қорғау сайысына қатысып жүр. Түсіпханова Айдана Республикалық "Зерде" ғылыми жоба қорғау сайысына қатысып, II орын иеленді. Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында өткен Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында "Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, оның интеллектуалды ұлтты қалыптастырудағы рөлі" тақырыбы төңірегінде баяндама жасады. Ата- аналармен байланыс жақсы жолға қойылған. Оның дәлелі, мектепте ұйымдастырылған "Атам, әжем, әкем, шешем және мен" сайысында Сейілхановтар отбасы белсенділік танытса, "Әкем, шешем және мен" сайысында Түсіпбековтар отбасы сынып намысын қорғады. Жеңіс мерекесі қарсаңында бастауыш сыныптар ата-аналары арасында өткізілген волейбол жарысында "Бірлік" командасы бас жүлдені жеңіп, сынып ата-аналары сыныптың мерейін үстем етті. Оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі еңбегі үшін "Өркен" басқармасының төрағасы К.Н.Шамшидинова мақтау грамотасымен марапаттады.(2010ж.)
2011-2012 оқу жылы да табысты өтіп жатыр. Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінде ана тілінен "Байлық пен ақыл" атты ашық сабағы өте сәтті өтіп, қатысушы мұғалімдердің ыстық ықыласына бөленді. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық он-лайн конференцияға қатысып, "Патриотизм-міндет пе, әлде, борыш па?" тақырыбында республиканың 5 облысының қатысушыларымен өз пікірін бөлісті. Облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты директорының алғыс хатымен марапатталды. Осы мекеменің ұйымдастыруымен білімін жетілдіруге келген ұстаздарға "Ғылыми жобаға қойылатын талаптар" және "Ғылыми жобада кездесетін қателіктер" тақырыбында 2 мәрте семинар өткізді. Оқушылардың бос уақыттарында ұйымдастырылған шаралар ( цирк, театр, мұражай, серуендер т.б.) олардың жадында талайға дейін сақталары сөзсіз. Ата-аналар жиналысында әр шараға жауапты адамдар атқарылған іске есеп бере отырып, болашақтағы уақытқа жоспарды құруды алдымен балалардың жан-жақты дамуына көңіл бөлуге тырысады.
Сынып бейімделу кезеңінен толығымен өтіп, екінші сыныптан бастап, "Бірлік","Достық","Ынтымақ" деп аталатын 3 топқа бөлініп, сыныптағы барлық жұмыстарды жарыса, бірлесе атқарады. Апта қорытындысы шығарылып, өзара сын-пікірлер айтылып отырылады.
«Мұғалім өзінің білімін
үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды тоқтатқанда оның мұғалімдігі жойылады» деген екен ұлы
педагог К.Д.Ушинский.